Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Астанада діни бірлестіктер өкілдерінің басқосуы өтеді

0 1  658
19 наурыз сағат 10:00-де Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің Қоғамдық келісім комитеті төрағасының міндетін атқарушы Мырзаев Балғабек Әбдіқайымұлының төрағалығымен ҚР Ұлттық музейінде Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері Жиынының кезекті отырысы өтеді.

Жиын отырысының негізгі тақырыбы – «Наурыз – мәңгілік рухани құндылықтардың көрінісі». Оған Қазақстанның діни бірлестіктер өкілдері қатысады. Олардың қатарында «Нұр Астана» орталық мешітінің бас имамы Асқар Мұқанов, Астана қаласындағы Қасиетті Успен кафедралды соборының шырақшысы Виктор Дрожников, Астана қаласындағы Қасиетті Мария Римдік-католиктік архиепархиясының митрополиті, архиепископ Томаш  Бернард Пэта, Астана қаласы және Ақмола облысының бас раввині Карнаух Шмуэль, Інжілдік-лютерандық шіркеуінің архиепископы Юрий Новгородов, Қазақстанның інжілдік мәсіхші баптистер шіркеулерінің басшысы Тиссен Франц, «Астана қаласы Жетінші күні адвентист-христиандарының Тұрғылықты жерінің шіркеуі» басшысы Олег Бондаренко, «Астана қаласындағы Христиандық Жаңаапостол шіркеуі» басшысы Федор Бурлаков, «Рақым» Астаналық пресвитериандық жергілікті мәсіхші діни бірлестігі қауымының» аға пасторы Жақсылық Джузганов, «Астана қаласының Бахаи қауымдастығы» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Асхат Янгалиев, «Иса Мәсіхтің соңғы замандағы әулиелері шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Жайнагүл Бекенбай, «Толық Інжіл» Астана христиан елушулдер қауымы» жергілікті діни бірлестігінің басшысы Сергей Кан, «Біріктіру шіркеуі» жергілікті діни бірлестігінің өкілі  Владимир Долгов, «Астана қаласының Кришна санасының қоғамы» жергілікті діни бірлестігінің  өкілі Юзан Таирбергенов, «Қазақстан Діни бірлестіктер қауымдастығы» заңды тұлғалар қауымдастығының басшысы Александр Клюшев  те бар.

Іс-шарада Мәдениеттер және діндер халықаралық орталығының директорының міндетін атқарушы Қалилаханова Қ.Т., Қоғамдық келісім комитетінің жауапты қызметкерлері, БАҚ өкілдері қатысады.

Байланыс үшін: 74-09-14

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.