Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Қырғызстанның үздік азаншысы қажылыққа барады

0 1  478
Бішкектің орталық мешітінде 27 сәуір күні бірінші республикалық азаншылар конкурсы өтеді. Бұл туралы Қырғызстан мұсылмандары діни басқармасы хабарлады.

Конкурстың бас жүлдесі – Меккеге кіші қажылық жолдама. Ал екінші және үшінші орынға бағалы сыйлықтар тағайындалған. Шараны ұйымдастырушылар – қырғыз мүфтияты мен «Мұхаммед Умар Ош» қоғамдық бірлестігі.

Конкурсқа қатысуға іріктеу сайыстары 2018 жылдың қарашадан басталып, 500-ден аса азаншы қатысқан. Ақтық турға республика бойынша 27 қатысушы өтті.

kazislam.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.