Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Алматыда VIII республикалық Құран байқауы өтеді

0 1  655

Алматыда ҚМДБ-ның ұйымдастыруымен 26-27 сәуір күндері Құран Кәрімді жатқа және мәнерлеп оқу бойынша VIII республикалық Құран байқауы  өтеді.

Республикалық жарысқа Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстарда 19-сәуірге дейін өткен Құран байқауының Іріктеу сайыстарында топ жарған 69 қари қатысады. Олар Құран Кәрімді толық, 20 парасын, 10 парасын жатқа оқу және мәнерлеп оқу секілді 4 номинация бойынша өзара бақ сынамақ.

Жарыста жасы 30-дан аспаған, ҚР ер азаматы болған қарилардың Құранды жатқа айтуы мен тәжуидпен (қағидаларымен) көркем оқуына баса мән беріледі. 26-27 сәуір күндері Алматы қаласы Орталық мешітінде Құран байқауында сынақтан сүрінбей, өзін жақсы қырынан көрсеткен, сөйтіп жүлделі орындарға ие болған жеңімпаз қариларымызға 28-сәуір күні сағат 10:00-де Алатау дәстүрлі өнер театрыныда өтетін марапаттау кешінде автокөлікпен қаржылай сыйлықтар табысталып, арнайы сертификаттар беріледі.

— Бір айта кетерлігі, аталмыш Құран байқауына Алланың жердегі үйі – мешіт пен Алланың сөзі – Құранға жанашыр кәсіпкер жеке азаматтар демеушілік жасап, игілікті іске қол ұштарын созып отыр. Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) бір хадисінде: «Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп әрі оны үйреткендерің», – деп айтқанындай, баршаңызды қайырлы іске сеп болып, Алланың разылығын алуға шақырамыз, — дейді ұйымдастырушылар.

Құран байқауының өтетін уақыты: 26-28 сәуір күндері

Өтетін орны: Алматы қаласы, Медеу ауданы, Пушкин көшесі – 16.

azan.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.