Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҒАЛЫМДАР ҚАДІР ТҮНІНДЕ ЖАМАҒАТПЕН ЖҮЗДЕСТІ (фото)

0 860

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде  қасиетті Қадір түнінде жасалған хатым дұғасына қатысқан Мемлекеттік Елтаңбаның авторы, белгілі сәулетші Жандарбек Мәлібеков пен Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан Қамзабекұлы барша мұсылмандарды Қадір түнімен құттықтады.

Жандарбек Мәлібеков өз құттықтау сөзінде «Мен Қазақстанның барша мұсылман қауымын осы қасиетті түннің келуімен құттықтаймын және әрбір отбасыға татулық пен бақ-береке тілеймін. Егер біз бірлігімізді сақтасақ, алдымыздан жарқын болашаққа жол ашылады»,-деді.

Қасиетті түннің құттықтау сөзін жалғастырған белгілі алаштанушы-ғалым Дихан Қамзабекұлы: «Баршаларыңызды жер бетінің ислам дінін ұстаған 1,5 миллиард мұсылманы атап өтетін Қадір түнінің келуімен құттықтаймын. Өздерін мұсылман санайтын қазақстандықтардың үштен екісі үшін бұл қасиетті түн. Ислам бәрімізді асқан төзімділікке тәрбиелейді. Кезінде аздап адасыңқырап кеткен ағайындарымызда болды, бірақ қазақта сөз бар «адасқанның айыбы жоқ, қайтып үйірін тапқан соң дейді», – дей келе отыз күн бойы тынбай еңбек еткен мешіт қызметкерлері мен Хатым түсірген қариларға алғысын білдірді.

 «Сәдуақас қажы Ғылмани»  мешітінің баспасөз қызметі

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.