Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұқтаж жандарға киім таратылды (ФОТО)

0 107

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

3 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Мешіт мұқтаж жандарға апта сайын пайдалануға жарамды киім үлестіріп келеді, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Бүгінде ел мешіттері халық қажетіне сәйкес қайырымдылықтың алуан түрлі формаларын ұйымдастырып келеді.

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті қаладағы тарихы ең ұзақ, күнделікті бес уақыт намазға келуішелері көп, халық жиі қоныстанған аумақта орналасқандықтан қайырымдылыққа мұқтаж жандар да аз емес.

Мешіт ұжымы қала тұрғындарының киюге жарамды киімдерін қабылдап, арнайы бөлмеде сұрыптап, реттестіріп, пайдалануға жарамды киімдерді мұқтаж жандарға үлестіріп келеді. Үмітті жандар үшін әр сенбі күні 10:00-12:00 аралығында мешітімізге келіп, киімдерді қалауынша таңдап алуына мүмкіндік жасалып отыр.

Мешіт жанындағы арнайы бөлмеде былтыр мамыр айынан бері 9 ай ішінде әлеуметтік жағдайы төмен, көп балалы, мұқтаж жандарды қамтыған 174 адамға бір тоннаға жуық киім-келеш үлестірілген.

Қалған киім-кешек қайырымдылық мақсатында жұмсалуы үшін айына 2 рет тұрақты түрде Шортанды ауылдық мешітіне жөнелтіліп келеді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.