Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Рухани Жастар» қанатының кезекті кездесуі өтті

0 107

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

3 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі, «Рухани Жастар» қанатының кезекті кездесу жиналысы болып өтті, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Аталмыш басқосуға дизайнер Сымбатбек Дәрігерхан арнайы шықырылған болатын. Жас маман бүгінде графикалық дизайн өнерінің майталманы. Әрі «Рухани Жастар» қанаты логотипінің авторы. Оның бүгінгі күнде өз тұтынушылары мен белгілі аудиториясы бар. Әрі бірнеше ірі кәсіпорындармен тығыз жұмыс жасайды. Сымбатбек жиналған қауымға брендинг, нетворкинг мәселелері төңірегінде тұщымды ойлар айтып, өз білімімен бөлісті.

Сондай-ақ, инстаграм желісінде ұлағатты сөздерге үздік пікір жазғаны үшін «Ең үздік Пікір»  номинациясы берілді. Бұл номинацияға «Рухани Жастар» қанатының мүшесі  Нұрлыбай Алтаев лайықты деп танылып, әлеуметтік желіде белсенділік танытқаны үшін арнайы сыйлық табысталды.

Жиын соңында ұйымның болашақ жұмыстары талқыланды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.