Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Төралқа мәжілісін өткізді (ФОТО)

0 173

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

10 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Елордада Төралқа мәжілісін өткізді, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Жиынға ҚМДБ төраға орынбасары Ершат Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, ҚМДБ бөлім басшылары мен облыс, қала бас имамдары қатысты.

«Құрметті әріптестер, өздеріңіз куә болғандай, Қазақстан мұсылмандарының кезектен тыс ІХ құрылтайтында 300-ден астам делегат менің кандидатурамды қолдап, бірауыздан дауыс берді. Баршамыздың мақсатымыз бір. Ол – елдің игілігіне қызмет ету, асыл дінімізді өркендету, жауапкершілік аманатына адал болу, т.б. Сіздерді осынау ортақ мақсат жолында бірлесе жұмыс істеуге шақырамын» деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы.

Мәжіліс соңында 30 жылдық мерейтой аясында жүзеге асып жатқан жұмыстардың жоспары пысықталды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.