Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Әбсаттар қажының батасын алды (ФОТО)

0 102

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

13 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Алматыға арнайы келген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Р.Сүлейменов атындағы Шығыстану институтының директоры, белгілі ғалым Әбсаттар қажы Дербісәлімен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Әбсаттар Бағысбайұлы Наурызбай қажы Тағанұлын жаңа қызметімен құттықтап, жұмысына сәттілік тіледі. Діни басқармада 10 жылдан аса қызмет атқарған бұрынғы мүфти жаңа мүфтиге бата беріп, ізгі ниетін жеткізді.

«Елге қызмет етуде аянбаңдар. Діни салаға өзіңдей білікті басшы, діндар азаматтың көмегі қашан да керек. Сондықтан өзіңе әрдайым тілектеспін» деді Әбсаттар қажы Дербісәлі.

Өз кезегінде Наурызбай қажы Тағанұлы: «Бізге бағыт-бағдар беріп, дін жолында үлгі болып, көрсеткен күш-жігер, ағалық ақылыңыз үшін алғыс айтамын» деді. Сондай-ақ Бас мүфти ұсынысымен Діни басқарма жанынан құрылатын Ақсақалдар алқасына мүшелікке өтуге Әбсаттар қажы қуана келісімін берді.

Кездесу соңында ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы Әбсаттар қажының иығына шапан жауып, Діни басқарманың 30 жылдығына орай жасалған кәде-сыйды тарту етті.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.