Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

«Нұр Мүбәрак» университетінің ректорымен сұхбаттасты (ФОТО)

0 111

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

2 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы жұмыс сапары аясында Алматыдағы «Нұр Мүбәрак» университетінің ректоры, профессор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жиндимен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Кездесуге ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Мәжиев, «Нұр Мүбәрак» университетінің проректоры, доцент Қайрат Құрманбаев қатысты.

Басқосуда ректор Мухаммад әш-Шаххат әл-Жинди Бас мүфтиге университеттің жұмысын баяндады. ҚМДБ Төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы сапалы діни кадр даярлаудың маңызын атап өтті.

«Нұр Мүбәрак» діни кадр даярлайтын іргелі оқу ордамыз болғандықтан, университеттің тыныс-тіршілігі мен жұмысы менің жіті назарымда. Жуырда ҚМДБ «Зекет» қоры есебінен 15 студентке қосымша оқу грантын бөлдік. Діни басқарма «Нұр Мүбәрак» университетінің құрылтайшысы ретінде әрқашан қолдау көрсету шараларын жүзеге асыра береді. Алла Тағала асыл қызметтеріңізге жар болсын!» деді Бас мүфти.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.