Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Өкілдік тапсырмалары пысықталды (ФОТО)

0 354

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

6 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Елорда имамдарының кезекті жалпы жиналысында талқыланған мәселелер бойынша жиналыс өтті, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының бұйрығымен жақында ғана Нұр-Сұлтан өкілдігінің бас имамы болып тағайындалған Ерболат Жүсіпов қала имамдарымен жақынырақ танысып, Елорда мешіттерінің алдағы уақытта атқарылар іс-шаралар жоспарымен бөліскен болатын.

Осыған орай, мешітімізде бас имам Бауыржан Есмаханның төрағалық етуімен арнайы жиналыс өтіп, қасиетті Рамазанға дайындық, оқу-ағарту, уағыз-насихат, қайырымдылық жұмыстары пысықталды.

Жиналыс күнтәртібінде ҚМДБ 30 жылдығы мен Сәдуақас қажы Ғылманидың 130 жылдығына орай атқарылар игі шаралар жайы талқыланып, жұмыс жоспары түзілді.

Сонымен бірге, жат ағым жұмыс шаралары пысықталды. Мешітімізде дәстүрлі емес діни ағымдарға қарсы жұмыс барысында бас имам, наиб имамдар мен ұстаздар бірлесе жұмыс жасап келеді. Бас имам Б.Есмахан осы бағыт бойынша мешіт қызметкерлеріне бірқатар нақты тапсырмалар жүктеді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.