Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфтидің қасиетті Шағбан айымен құттытауы

0 95

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Наурызбай қажы ТАҒАНҰЛЫ

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти

Қадірлі бауырлар!

Баршаңызды шарапаты мол Шағбан айының келуімен шын жүректен құттықтаймын!

Қасиетті Рамазан айының келгенін сүйіншілейтін Шағбанда әр шаңыраққа шаттық, бақыт пен береке тілеймін. Алла Тағала осы айда жасайтын дұға-тілектерімізді, құлшылық-ғибадаттарымызды қабыл еткей!

Ардақты Пайғамбарымыз Мұхаммед (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) өз үмбетіне Шағбан айы кіргенде тазаланып, ниетімізді дұрыстауды өсиет еткен.

Алла елшісінің тағы бір хадис-шарифінде айтылғандай, Шағбан айында жасалған дұға кері қайтарылмайды. Ендеше, шарапаты мол Шағбан айында шынайы ниетпен халқымыздың амандығын сұрап, елімізге жеткен сынақты сабырмен жеңіп шығуды тілеп, көп дұға жасайық.

Құрметті жамағат!

Ізгі ғұламалардың бірі «Ережеп – желге, Шағбан – бұлтқа, Рамазан жаңбырға ұқсайды. Ережеп айында дән егілмесе, Шағбанда суарылмаса, Рамазанда қандай егін күтуге болады» деген.

Осы айда ниетімізді түзеп, нәпіл ораза ұстап, мүмкіндігінше тазаланып, дұға жасап өзімізді қорғайық. Құран оқып, жұқпалы індетке шалдыққан жандарға Алладан шипа тілейік. Өйткені, «Құран оқу – көңілдің шипасы» (хадис).

Алла Тағала елімізге амандық, жерімізге тыныштық, халқымызға береке нәсіп еткей! Ел іргесінен жаман індетті аулақ етіп, Шағбанның шарапатына бөленуді жазғай!

Раббым, Ережеп пен Шағбан айларын берекелі ете гөр! Бізді Рамазанға аман-есен жеткізе гөр! Әмин!

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.