Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти кезекті аппарат жиналысын өткізді (ФОТО)

0 108

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

11 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы кезекті Аппарат жиналысын өткізді, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Жиналыста Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының 2020-2025 жылдарға арналған қызметінің негізгі даму тұжырымдамасының жобасы талқыланды. Аталған тұжырымдама 2020-2022 және 2022-2025 жылдар аралығында екі кезең бойынша жүзеге асады.

ҚМДБ Уағыз-насихат бөлімінің меңгерушісі Батыржан Мансұров аталған құжаттың мазмұнымен таныстырып, негізгі стратегиялық бағыттарға шолу жасады. Ал ҚМДБ Діни білім және кадр даярлау бөлімінің меңгерушісі Смайыл Сейітбеков тұжырымдама аясында қабылданатын «Зияткер имам» құжатын таныстырды.

«Стратегиялық жоспар – дамудың бағдаршамы. Сондықтан осы бағыттар бойынша жұмысымызды үнемі жетілдіріп отыруымыз керек. Әр бөлім өзіне тиесілі қызметті үнемі дамытып отыруы тиіс» деді Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Жиналыс соңында Бас мүфти ҚМДБ Орталық аппарат қызметкерлеріне нақты тапсырмалар берді.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.