Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Ғұламалар Кеңесінде бірқатар өзекті пәтуа қабылданды (ВИДЕО)

0 173

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

16 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Павлодар қаласында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен өткен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХV көшпелі мәжілісінде бірқатар құжаттар мен пәтуалар қабылданды, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Атап айтқанда, «Жүлделі жарыстарға қатысты шариғат үкімі», «Мұсылман емес адамға кешірім сұрап, дұға ету үкімі», «Импорт арқылы әкелінген ет үкімі», «Әйелдің махрамсыз қажылыққа бару үкімі», «Мешіттің құбыласына қатысты үкім», «Спирт қосылған тағамдардың, тәттілердің үкімі», «Жылжымайтын мүліктен зекет беру үкімі» сынды пәтуалар қабылданды.

Сонымен қатар «Ас беру мәдениеті» мен «Зират пен зиярат мәдениеті» құжаттарының жобасы бекітілді.

Ғұламалар кеңесінің кезекті ХХV-інші көшпелі мәжілісінде қабылданған пәтуалардың толық мәтінін алдағы уақытта ресми сайтымызда жариялаймыз.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.