Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти: Ғұламалар Кеңесі пәрменді институт ретінде қалыптасты (ФОТО+ВИДЕО)

0 103

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

16 маусым. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің ХХV мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы осылай деді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Павлодар қаласында өткен кеңестің көшпелі мәжілісін ашқан Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы: «Ғұламалар кеңесі пәрменді институт ретінде қалыптасты. Өзекті діни мәселеде қоғам арасында «Ғұламалар кеңесінің ұстанымы қандай? Қандай пәтуа шығарады екен?» деген сауалдар жиі айтылады. Бұл – сіз бен біздің атқарған ауқымды еңбегіміз бен жанқиярлықпен жасап жатқан жұмыстарымыздың жемісі.

Елімізде төтенше жағдай жарияланып, халқымыз елең-алаң күй кешкен сәтте біздің ғұламалар онлайн режимде маңызды құжаттарды талқылап, қажетті пәтуалар қабылдады. Бұл пәтуаны жамағат дұрыс қабылдап, біздің Үндеуге мойынсұнып, бірлігін көрсетті», – деп атап өтті Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.