Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Трамп мұсылмандарға тіл тигізген тележүргізушіні сынады

0 29

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

АҚШ президенті Дональд Трамп Твиттер желісіндегі қолданушыларды өзінің алабөтен пікірімен қайран қалдырды. Ол өз парақшасында MSNBC телеарнасының жүргізушісі Джо Ридтің мұсылмандарға қатысты айтқан пікіріне сын айтып, тіпті жұмыстан қуу керектігін жазған.

Айта кетейік, MSNBC телеарнасының жүргізушісі Джо Рид бағдарлама барысында мұсылман көшбасшылары өздерінің уағыздарында экстремистік пиғылды қолдап, зорлық-зомбылықты насихаттайды деген орынсыз пікір айтқан болатын. Сондай-ақ, ол АҚШ президенті Дональд Трамп та дәл осы тәсілді қолданады деп жорамал жасаған еді.

Өз атына айтылған ғайбаттан соң АҚШ президенті бірден жауап қайтарып, «асқан дарынсыз Джо Ридтің «мұсылман лаңкестері» деген сөзді еш жауапкершіліксіз қолданғаны үшін жұмыстан қуу» керектігін жазды.
 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.