Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Кешегі – өтті, ертең – белгісіз, ал бүгінгің – сый

0 32

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Өткенді ойлап, қайғыға салына беру – ақымақтық. Бұның бәрі жігеріңді жасыта береді. Өткен нәрсе өтті де кетті, қанша қайғырғаныңмен ол қайта айналып келмейді. Сондықтан өзіңді өткен шақтың шырмауына шырмалып өмір сүруден құтқар. Өткен шақтың парақ беттерін қайта ашып ақтару, уақыт жоғалту және текке шаршау, жабылған жараның аузын ашып қанатумен бірдей. Шал ақын: «Өткен қайтып келмейді, алғанын Құдай бермейді» деп бір ауыз сөзбен ойын керемет қайырады.

Құранда Алла бұрынғы өткен халықтар жай-лы былай деген: ْتَلَ خْدَ قٌةَّمُ أَكْلِت «Міне, солар бір үмбет еді өтіп кетті…»1. Сондықтан да өткен заманға қайта оралу, өткенді түгендеуден пайда жоқ. Өткенге қайта оралу, ұнды диірменнен өткізгенмен тең. Бұрынғы заманда өткенге өкінген адамға: «Өлікті қабірден шығарма» деп айтылады екен.

Құранда Алла тағала «Хадид» сүресінің 23-аятында:

لِّكَيْلَا تَأْسَوْا عَلَىٰ مَا فَاتَكُمْ «Бұл өткенге өкінбеулерің үшін»деген. Егер аман-есен таң атырсаң, кештің батуын күтпе, жаман болса да, жақсы болса да кешегі күнің өтті және ертеңгі күнің әлі келген жоқ. Сондықтан күннің шығуымен жарысып несібеңді тер. Ертең пайда әкелетін іс-әрекет пен құлшылықтарыңды жасап қал. Тіпті бір күндік ғұмырыңды сол күні дүниеге келгендей, сол күні өлетіндей өткіз. Міне, сонда өткен күннің қара түнек қайғысына жолықпайсың, келешектің қорқынышына да  соқтықпайсың.  Намазыңды  терең  ықыласпен, Алланың ұлықтығын мойындап, бас иген күйде орын-да. Құранды терең ойлап оқы, Алланы әрдайым еске ал, көркем мінезді бол, несібеңе разылық таныт, сыртқы көрінісіңе де көңіл бөл, елге пайдасы тиетін істермен шұғылдан. Бір күндік өміріңнің сағаттарын әр минутын жылдар, секундтарын айлар деп пайымдап, берілген мүмкіндіктерді қалт жіберме. Неғұрлым мәуелі ағашты көбірек ексең, соншалықты жақсылыққа кенелесің. Сол күні күнәң үшін кешірім сұра, Раббыңды есіңе ал, қайтар күнге дайындық жаса. Жаратқан Иеміз нәсіп еткен  ырыздығыңа,  әйел,  бала-шағаңа,  баспанаңа, жұмысыңа, міндетіңе, жеткен жетістігіңе разы бол.

فَخُذْ مَا آتَيْتُكَ وَكُن مِّنَ الشَّاكِرِينَ «..Саған бергендерімді ал да, шүкірлік етушілерден бол..» («Ағраф» сүресі, 144-аят) дегендей күніңді сары уайымға салынбай, ешкімге ешқандай ыза-кек сақтамай, құрдымға сүйреп, жарға жығар көреалмаушылық пен іштарлыққа бой алдырмай көңіл тоқтығымен өткіз.

Егер де бүгін өлетініңе нақты көзің жетіп тұрса, әлбетте сол күннің әрбір сәтін пайдалы өткізуге тырысар едің. Ізгі істеріңді көбейтіп, жақсы қасиеттеріңді арттырар едің. Сонымен қатар «Бүгін, жаман сөздерді, ғайбатты  тастаймын,  бүгін  үйімді  дұрыстаймын, бүгін тазалыққа, келбетіме көңіл бөлемін әрі жүріс-тұрысымда, сөзімде, әрекетімде астамшылыққа бой ал-дырмай орта жолды ұстанамын» дер едің. Иә, «Раббыма деген құлшылығымды арттырамын, намазды барын-ша толық орындаймын, нәпіл амалдарды арттырамын, Құранымды қолға аламын, пайдалы кітаптар оқимын, оқығаннан ғибрат алып, қалған соңғы сәттерімді мәнді де сәнді өткіземін» деген сөздердің де айтылары ақиқат.

Бүгін, батқан күн сияқты өткен күн өтіп кетті, ол үшін жыламаймын және оны есіме де алмаймын. Өйткені  кешегі  күн  бізді  мәңгілікке  тастап  кетті, қайтадан бізге оралмайды. Болашақ беймәлім дүние. Сондықтан арман қуып, бос қиялмен өмір сүрмеймін. Жоқ нәрсеге асықпаймын. Өйткені, әлі келмеген ертеңгі күнді ойлап, үмітсіздікке салынатындай ештеңе де жоқ. Ең бастысы ертеңгі күн үшін жоспар құрып, Аллаға тәуекелмен бастаймын. Өмірін  бақытты  өткізгісі  келген  адам  үшін күнделігінде жазылатын бағалы сөз «Кешегі күн – та-рих, ертеңгі күн – құпия, бүгінгі күн – сыйлық» деген ұран болуы тиіс.

«Үміт сәулесі» кітабынан алынды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.