Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Абай мерейтойына арналған байқауы өтті

0 36

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

19 қараша. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Алматы қаласы өкілдігінің ұйымдастыруымен ҚМДБ-ның 30 жылдық мерейтойы мен Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Алланың өзі де рас, сөзі де рас» атты ұлы ақынның шығармаларын діни-танымдық тұрғыда талдап, эссе жазу бойынша шығармашылық байқау өтті, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі. 

Байқауда Абай шығармаларынан рухани нәр алып жүрген қырыққа жуық Алматы қаласының талантты жастары эсселерін жолдап, өзара бақ сынады. Сондай-ақ аталмыш байқауға келіп түскен эсселерді филология ғылымдарының докторы Қанипаш Мәдібаева, филология ғылымдарының кандидаттары Серікқазы Қорабай, Төрәлі Қыдыр және ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің мүшесі Бауыржан Әлиұлы оқып шығып, лайықты баға берді.

«Таугүл» мешітінде өткен шығармашылық байқауды осы мешіттің бас имамы Ернар Мәжен жүргізіп отырды. Ұлы ақынның мерейтойына арналған байқауды Әуезов ауданының бас имамы Бахтияр қари Қасымалиев Құран оқып ашып берді.

Ең алдымен Алматы қаласының бас имамы Еркінбек Шоқайға арнайы сөз берілді. Бас имам өз сөзінде байқауға қатысушалар мен қазылар алқасына, көрермендерге ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы хазреттің ыстық сәлемін жеткізіп, Абай Құнанбайұлының 175 жылдық мерейтойымен құттықтады. Сонымен қатар бүгінгі шығармашылық байқаудың маңыздылығы мен пайдасына тоқталып, Абайдың ислам мен иман құндылықтарын жырлаудағы орнын айтты. Соңында байқауды ұйымдастырған Әуезов ауданы мешіттері мен қазылар алқасына алғыс білдіріп, қатысушыларға сәттілік тіледі.

Одан кейін құттықтау сөз Әуезов ауданы әкімінің орынбасары Дастан Қайратұлына берілді. Ол қала жастарының Абай шығармаларынан үлгі алып, кітап оқуға, шығармашылықпен айналысуға бейімділігін айтып, өз ризашылығын жеткізді.

Байқау барысында С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің студенттері Арман Мұратов «Абайды оқы, ерінбе!» және Бауыржан Мырзахмет «Атамның өсиеті» атты эсселерін ортаға шығып оқып берді.

Өз кезегінде қазылар алқасы да байқауға келіп түскен эсселер бойынша өздерінің сыни пікірлерін айтып, жақсы жазылған шығармаларды оң бағалады, болашақ абайтанушыларға сәттілік тіледі. Соңында ортаға шығып қорытында пікір айтқан филология ғылымының кандидаты Төрәлі Қыдыр байқаудың маңыздылығы туралы сөз қозғап, діндегі ихсан мәселесі мен Абайдың толық адам ілімін тілге тиек етті.

Қазылар алқасының әділ шешімімен байқаудың жеңімпаздары анықталып, жүлдегерлерге қаржылай сыйлық пен марапаттар табысталды. І орын (200 000 тг) С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 7-курс студенті Мырзахмет Бауыржанға берілді. ІІ орын (100 000 тг) С.Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медициналық университетінің 6-курс студенті Мұратов Арманға табысталды. ІІІ орын (50 000 тг) Абай атындағы Қазақ ұлттық педагогикалық университетінің түлегі Бабай Жазираға бұйырды. Сондай-ақ Берекет Байсалбаев, Аида Қасымова, Мирас Амангелді, Айнұр Полатова, Мелике Чакроглуның эсселері де жақсы бағаланып, ынталандыру сыйлығына лайық деп танылды. Әрбір ынталандыру сыйлық иегеріне кітаптар тарту етілді.

Айта кететін жайт, Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай ұйымдастырылған байқау Azan.kz сайты мен Әуезов аудандық «Ақсай» мешітінің Youtube каналдары мен instagramm әлеуметтік желі парақшаларында тікілей эфирде көрсетілді.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.