Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

30 отбасына көмек көрсетілді (видео+фото)

0 243

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

18 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешіті Тәуелсіздік күніне орай, 30 отбасына азық-түлік таратылды, деп хабарлайды Sunna.kz тілшісі.

Тәуелсіздік – ата-балаларымыздың неше ғасырлық арманы, Алла Тағаланың халқымызға берген зор нығыметі. Барша алаш баласының асыл құндылығы. Сондықтан да, бұл күнге жеткізген Аллаға шүкіршілік білдіріп, жан-жағымызға қамқорлық таныту мақсатында мешіттің ұйымдастыруымен ірі қайырымдылық шарасы өтті.

Шара мешіт қызметкерлерінің ұйымдастыруында, жомарт жанды демеуші азаматтардың қолдауымен өткізілді.

Қайырымдылық шарасы аясында, көп балалы, әлеуметтік аз қамтылған 30 отбасына күнделікті тұрмысқа қажетті азық-түлік үлестірілді.

Ел қамын ойлап игі іске қолдау білдірген демеуші азаматтарымызға алғыс айтамыз.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.