Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

ҚМДБ: Кеңейтілген Төралқа мәжілісі басталды (ФОТО)

0 23

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

13 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Елордада Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ғимаратындағы «әл-Фараби» залында Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен 2021 жылдың кеңейтілген Төралқа мәжілісі басталды, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Мәжіліске наиб мүфти Ершат қажы Ағыбайұлы, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жәдігерұлы, Бас мүфти кеңесшілері, ҚМДБ қызметкерлері мен облыс бас имамдары қатысуда. Игі басқосу қасиетті Құран аятымен ашылып, Бас мүфти еліміз бен жеріміз үшін дұға бағыштады.

Жиында алғаш болып сөз алған Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Наурызбай қажы Тағанұлы бағдарламалық баяндамасын оқыды.
Бас мүфти бағдарламалық баяндамасында ҚМДБ-ның 2021 жылға арналған жұмыс бағыттары мен ел Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай Діни басқарманың жұмыс жоспарын таныстырды.

Мәжілісте имамдардың республикалық онлайн форумында қабылданған құжаттар мен Ғұламалар кеңесінде қаралып, қабылданған пәтуаларды облыс, аймақтарда кеңінен насихаттау мәселесі талқылануда.

Жиынның жұмыс жоспарына сәйкес, ҚМДБ бөлім меңгерушілері облыс бас имамдарына өз саласы бойынша тиісті нұсқамалар беріп, баяндама жасайды.

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.