Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Елорда имамдары 7 жұмыс бағыты бойынша жиын өткізді

0 1  209

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

21 қаңтар. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігінің 2021 жылғы жұмыс жоспарын бекітуге арналған алқалы жиын өтті, деп хабарлайды өкілдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған Sunna.kz тілшісі.

Қаланың бас имамы Ерболат Жүсіповтің төрағалығымен өткен жиынға елордадағы 12 мешіттің бас имамы, бағыттар бойынша жауапты наиб имамдар мен ұстаздар қатысты.

Қасиетті Құран аяттарымен ашылған өкілдік жиналысында ҚМДБ Төралқа мәжілісінде бекітілген жеті жұмыс бағыты бойынша 2021 жылы атқарылатын ауқымды іс-шаралар жоспары түзіліп, жауапты қызметкерлер бекітілді. Айта кетейік, жақында өткен Төралқа мәжілісінде Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы өзінің бағдарламалық баяндамасында ақпарат және қоғаммен байланыс, уағыз-насихат, қайырымдылық, оқу-ағарту және кадрлық әлеует, рухани тәрбие Ихсан ілімі, дін мен дәстүр, діни ағымдармен жұмыс бағыттары бойынша жұмыстарға басымдық берілетінін жеткізген болатын.

Осыған орай аталмыш бағыттар бойынша өкілдік тарапынан жауапты имамдардың өткен жылғы жұмыс есебі тыңдалып, жаңа бағыттар бойынша жоспар бекітілді. Кейбір бағыттар бойынша жаңадан жауапты имамдар тағайындалып, көпшіліктің ұсыныс-талаптары тыңдалды. Карантин режиміне байланысты қашықтықтан оқытуға, тағы да басқа іс-шараларға қатысты тың жобалар талқыланып, ғаламтор желісіндегі уағыз-насихат жұмысын жандандыру тетіктері айтылды.

 

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.