Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бай мен жалшы

0 518

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Бай жалшыны сынайын деп, тақиясын алып, басын сипапты. Сөйтсе, жалшы оған қарап, тілін шығара қойыпты. Байдың басын сипағаны «Басқа пәле неден?» деп сұрағаны екен. Оған жалшының тілін көрсеткені «Басқа пәле – тілден» дегені екен.

Бай:

– Таппадың, жалшым, басқа пәле ағайын мен туыстан болады, – дейді. Жалшы өз сөзін дәлелдемек болып:

–Жоқ, байеке, өйтіп былшылдамаңыз, – деп қалады. Бұрын мұндай сөзді естімеген бай ашуланып, керегенің басында іліулі тұрған сегіз таспа бұзаутіс қамшысына қарай ұмтыла береді.

Жалшы:

–Сабыр, сабыр, байеке, айтпап па едім «Басқа пәле – тілден» деп, енді түсінген шығарсыз, – дейді.

Сөзден жеңілген бай белге ұрған жыландай сылқ етіп, отыра кетіпті.

sunna.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.