Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Айтар ештеңе қалмапты

0 1  052

Аббасидтер заманындағы Халифтің жеке дәрігерінен бір насрани:

– Сендердің кітаптарыңда медицина туралы білім жазылған ба?, – деп сұрайды, сонда Дәрігер:

–«Жеңдер, ішіңдер, бірақ ысырап етпеңдер» деген аятта Алла Тағала медицинаға қатысты ең басты мәселені қамтыған», – депті.

Насрани:

–Ал, Пайғамбарларың не айтқан?, – деп сұрағанда:

– Пайғамбарымыз (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын) «Қарындарың барлық аурудың үйі, ал ауыз бекіту барлық дәрі дәрмектің ең үлкені. Сондықтан осыны әдетке айналдырыңдар» деп қысқа ғана хадиске сыйғызған» дейді. Сонда, жаңағы Насрани:

– Сендердің Кітаптарың және сендердің Пайғамбарларың медициналық білімді сарқып айтыпты, ал Галенге айтар ештеңе қалмапты ғой, – деген екен.

Sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.