Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ерекше ғибраты

0 589

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Тайф қаласына Исламды жаю мақсатында сапар шегеді. Бірақ меккелік мүшріктердің тайфтіктерді арандату нәтижесінде Пайғамбарымызды (с.ғ.с.) қала ішінде таспен ұрып, қан-жоса етеді.

Қаладан әрең дегенде шыққан Пайғамбар (с.ғ.с.) қала шетіндегі бауға келіп тынығады. Үсті-басы қан болып әбден қиналған Пайғамбар (с.ғ.с.) біраз уақыт тынығып алғаннан кейін Меккеге қайта оралады.

Меккеге жетпей жатып жол бойында қасына Жәбрейіл періште келіп:

– Уа, Мұхаммед (с.ғ.с.)! Қандастарыңның саған айтқанын Алла естіді. Сол үшін тау періштелерін сенің жәрдеміңе жіберді. Сен әмір етсең мына тау періштелері ана екі тауды алады да Тайфтың үстіне бастыра салады. Тек сен әмір етсең болды, – дегенде Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):

– Мен әлемге қарғыс айту, өш алу үшін емес мейірім үшін жіберілдім. Менің тек бір өтінішім бар сол мүшріктердің нәсілінен Аллаға серік қоспай, Өзіне ғана ғибадат ететін ұрпақ шығаруын тілеймін, – деп, көмекке келген періштелердің өтінішіне осылайша жауап берген.

sunna.kz

Get real time updates directly on you device, subscribe now.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.