Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Әлия апаға Құран бағышталды

0 1  386

15 Наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде Әлия апаға Құран бағышталды, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Мешіттің Әйелдер-қыздар секторы мен «Аналар» мектебінің ұйымдастыруымен өткен «Дәстүрлі бала тәрбиесі» атты семинар барысында ұзақ жылдар мешітімізде ұстаздық қызмет атқарған Әлия Қабылбекқызының рухына арнайы Құран бағышталды.

Естеріңізге сала кетейік, марқұм Аусағатова Әлия Қабылбекқызы мешітімізде ұстаздық қызметпен қоса, ілгерінді-кейінді мешіттің Әйелдер-қыздар секторының меңгерушісі, Анаралар мектебінің жетекшісі жұмыстарын атқарған. Аналар мектебінің негізін де Әлия апай өзі қалаған болатын.

Осыған орай, Анара мектебінің кезекті іс-шарасының ашылуында, марқұмның қырқына орай  арнайы Құран бағышталып, дұға жасалды.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.