Қатысушыға қойылатын талаптар:
- Жарысқа қатысушы Қазақстан азаматы мен азаматшасы болуы;
- Үміткердің жасы 8-ден аспауы тиіс;
- Қатысушы «Мутаффифин» сүресінен «Нас» сүресіне дейін жатқа білуі;
- Жарысқа қатысушылардың оқу қырағаты, тәжуид білімі, жаттау қабілеті бағаланады.
Қажетті құжаттар: «Туу туралы куәліктің көшірмесі», «Үміткердің өтініші».
Жоғарыда аталған құжаттар үміткерден 2019 жылдың 28 наурызға дейін Ksh_90_kz@mail.ru электронды поштасы бойынша қабылданады.
Жарысқа қатысушы барлық бүлдіршіндерге сыйлықтар табысталады. Ал, арнайы жүлдегерлерге төмендегідей көлемде сыйақы тарту етіледі.
Ұлдарға:
1-орын (100 000 теңге)
2-орын (75 000 теңге)
3-орын (50 000 теңге)
Қыздарға:
1-орын (100 000 теңге)
2-орын (75 000 теңге)
3-орын (50 000 теңге)
ЫНТАЛАНДЫРУ:
3 қатысушыға (25 000 теңге)
Пайғамбарымыз (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінде: «Балаларына Құран Кәрім үйреткендерге немесе Құран Кәрім ұстазына бергендерге үйретілген Құран Кәрімнің әрбір әрібі үшін қасиетті Қағбаны 10 рет зиярат еткеннің сауабы беріледі және қиямет күні басына дәулет тәжі кигізіледі. Бүкіл адамдар оны көріп қызығады», – деп айтқанындай, бүлдіршіндеріміздің жастайынан Құран жаттап, иманды да салиқали, отансүйгіш болып өсуі – біздер үшін зор бақыт.