Нұрсұлтан Əбішұлы əлемге татулық пен достықты, тұрақтылық пен толеранттылықты жақтайтын көшбасшы, тұлға ретінде танылды. Ол кешегі хан-сұлтандарымыздың арманын орындап, жаңа Қазақ мемлекетінің іргетасын қалады. Мемлекетті басқаруда ұлт бірлігін, дін бірлігін бірінші орынға қойып, достық пен келісімнің үздік үлгісін қалыптастыра білді. Осынау сарабдал саясаттың арқасында біздің елімізде тыныштық пен тұрақтылық салтанат құрды.
Мұсылман қауымының ұлық мейрамы – Құрбан айт демалыс күні болып жарияланды. Мұсылман жамағаты мемлекеттің бұл қамқорлығына әрқашан дəн риза. Біз, Ислам дінінің қызметкерлері мемлекеттің тұтастығы мен игілігі үшін қашан да дұға-тілектеміз.
Алла Тағала ел іргесін берік еткей. Халқымыз аман, жұртымыз тыныш болғай! Əмин!” – деп атап өтті Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.
ҚМДБ баспасөз қызметі