Халықаралық басқосуға мұсылман мемлекеттерінің мүфтилері, дін қайраткерлері, көрнекті ғалымдар, діни қауымдастықтың жетекшілері қатысуда.
Қазақстан тарапынан Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бен Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы конференция жұмысына қатысуда.
Конференцияда бүгінгі мұсылман үмбетінің бірлігі, дінаралық диалог пен өзара келісімнің келешегі, пайғамбарымыз Мұхаммедтің (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) мейрімділікке негізделген жолы, т.б. мәселелер төңірегінде мазмұнды баяндамалар жасалуда.
Серікбай Сатыбалдыұлы конференция аясында бірқатар мүфтилермен сұхбаттасты.
ҚМДБ баспасөз қызметі