Жиын барысында РАНТ-қа үміткер дін қызметкерлері тест тапсырып, емтихан сұрақтарына жауап берді. Оның ішінде діни сауалдардан бөлек, тарих, әдебиет пен мәдениетке бағытталған сұрақтар болды. Сондай-ақ РАНТ-қа енді мүше боп кіргендер ауызша емтиханнан өтті. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз бұл тест өз кезегінде елдегі имамдардың біліктілігін жетілдіріп, жан-жақты болуға ықпал ететінін атап өтті.
Кездесу барысында РАНТ жұмысы, уағыз-насихаттың сапасы мен сауаттылығы жан-жақты талқыланып, атқарылған іс-шаралар есебі пысықталды. РАНТ құрамына қабылданған дін қызметкерлеріне арнайы куәлік табысталды.