Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

I Халықаралық Жастар форумы өтеді

0 2  301
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Жастар ісі секторы «Жастар жылына» орай 11-сәуір күні «JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты жастар форумын  өткізуді жоспарлап отыр. Форумға еліміздің белсенді зиялы қауым өкілдері, жастар ұйымдарының басшылары, медресе шәкірттері және Нұр-Сұлтан қаласындағы ЖОО-ның 300-дей студент қатысады.

Форумның жұмыс тәртібінде жастар мәселесіне қатысты өзекті сұрақтар бойынша тәжірибе алмасулар, осы бағытта ынтымақтастықты нығайту, жас буынның әлеуетін арттыру, діни экстремизм мен радикализмның алдын алудың тәжірибелік механизмдерін қалыптастыру, т.б. мәселелер талқылау жоспарланған.

«JASTAR JÁNE RÝHANIAT» атты жастар форумы ҚР Тұңғыш Президенті, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың «2019 – Жастар жылы» деп жариялаған игі бастамасын белсенді қолдап, «Әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезі», «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», «Ұлы даланың жеті қыры» идеяларын рухани-діни тұрғыдан насихаттауды көздейді.

Форум мақсаты:

«Жастар жылы» аясында Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы мен еліміздің белсенді жастары арасында өзара байланыс құру және әр түрлі жастар ұйымдарымен бірлесе отырып, қазіргі кездегі жастар арасындағы түйіткілді мәселелерді шешімін табуға атсалысу.

Міндеттері:

  • діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға қатысты іс-шараларды ұйымдастыра отырып, Қазақстан мұсылмандарының біртұтастығын қалыптастыру;
  • діни радикалды идеология және олардан келетін қауіп-қатермен жастар болып күресудің әдіс-тәсілдерін меңгеру;
  • рухани құндылықтарымызды арттыру;
  • жастардың жан-жақты білім алып олардың ортаға сай дайын болып келуін талқылау;
  • жастар арасында әлеуметтік проблемалардың шешу жолдарын табу;
  • алдыңғы толқын мен кейінгі толқынның арасында көпір қалыптастыру және т.б.

Жастардың дұрыс білім алып, бағыт-бағдарын дұрыстауы қай ел болмасын тыныштығы мен тұрғындарының қауіпсіздігі қоғамның басты талабы. Осы орайда болашағының баянды болуын, елдің тыныштығын ойлаған жас ұйымдарға аталмыш іс-шараға атсалысу негізгі міндеттерінің бірі болып табылады.

Күтілетін нәтижелер:

– діни экстремизм идеологияларының алдын алу жұмыстарын жүргізу барысында тиімді нәтижелерге қол жеткізетін түрлі әдіс-тәсілдер айқындалып, көпшілікке ұсынылады;
– әр түрлі салалардағы студенттер мен форумға қатысушылар мемлекет пен Діни басқармалардың дін туралы ұстынымдарын жан-жақты меңгеруіне ықпал етеді;
– жастардың кәсібилігі шыңдалып, өз-өздерін дамытуға қатысты жаңа мақсаттарды алға қойып, жан-жақты білім алуға оң әсерін тигізеді;
– ЖОО-ларда оқып жатқан жастардың басын қосып бір Діни басқарманың жанына жиналуға септігін тигізеді;
 – Форум жұмысының қортындысы бойынша үндеу  қабылданады.

Баяндамашы ретінде шақырылған қонақтар:

  1. Ресей Федерациясының бас мүфтиі, Ресей мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Равиль Гайнутдин
  2. ҚР Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек СМАҒҰЛ
  3. Л.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің әлеуметтік-мәдени даму жөніндегі проректоры, ҚР ҰҒА академигі Дихан ҚАМЗАБЕКҰЛЫ
  4. Ресей қоғам қайраткері, РФ Қоғамдық палатасының мүшесі, «Салауатты Ресей» федеральді жобаның жетекшісі Султан ХАМЗАЕВ
  5. Нұр-Сұлтан қаласының Қоғамдық даму істері басқармасының басшысы
    Данияр ЕСИН
  6. ҚР Ақпарат және қоғамдық даму министрлігі жанындағы Жастар және отбасы істер комитетінің төрағасы Асхат ОРАЛОВ
  7. «Astana Arlans» кәсіпқой бокс клубының бас менеджері Бақтияр АРТАЕВ
  8. «CASCADIACONSUMER ELECTRONICS CORP.» жауапкершілігі шектеулі қоғамының Нұр-Сұлтан қаласындағы филиалының директоры Тілектес АДАМБЕКОВ
  9. Нұр-Сұлтан қаласы қоғамдық істер басқармасының бас маманы Әділет ТӨЛЕУТАЕВ
  10. «Қазақстан студенттері Альянсы» қоғамдық бірлестігінің мүшесі Әнуар ЖҰМАБЕКОВ
  11. «Нұр Мүбәрак» Египет Ислам мәдениеті университетінің үшінші курс студенті Шыңғыс САДУЕВ
  12. Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Жастар ісі секторының меңгерушісі Махамбет ИСКАНДЕРОВ

Өткізу орны және уақыты: Нұр-Сұлтан қаласы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының акт залы, 2019 жылдың 11 сәуірі, сағ. 15.00-де.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.