Ибн Сина «Рух дененің қай жерінде орналасқан?» деген күрделі де метафизикалық әрі теологиялық сұраққа практикалық тұрғыдан жауап бермек болып ота жасайды. Бірілері қалбте, яғни жүректе десе, бірілері ол денені түгел қамтып жайылып жатыр деп анықтайды. Ибн Сина рух ол Алланың әміріндегі нәрсе. ол материалды емес, көзге көрінбес, тұрағы болмас дегенді дәлелдеу үшін де осы отаны жасапты… Алдымен адамның аяғын кесіп алып тастайды. Адам тірі. Сосын қолын. Адам тірі. Жүрекке қанжар салғанда адам сұлап түседі. Содан олар енді рух туралы таласпаймыз, Құранда айтылғанға сенеміз. Рух туралы бар жоқ деп айту күпірлік екен деседі.
«Қай жерің ауырса жаның сол жерде» Ибн Сина мұны ауыспалы мағынада айтылған дұрыс психологиялық анықтама дейді. Жан ауырса да шіріген тәнді, денені кесіп алып тастау арқылы жанды аман сақтап қалуға болады.
Осы аналогия бүгін қазақ деген ұлттың басында тұр. Қазақ денесінде «шірігіген ағзаларды» кесіп алып тастамаса, бүтін дене кеткелі тұр. қазақтың рухы мәдениеті кетсе, қазақ өлді дей беріңіз… Қазақ мәдениетінің ең басты ағзалары тілі хәл үстінде, діні іріңдеп жатыр, әдет ғұрпы салт дәстүрі, қотыр басқан, тарихы үсіп кеткен, өнерін жара басқан, әдебиеті таз, музыкасы жаз, кеңістігі уланған, уақыты ұрланған, еркі тапталған, саясаты ноқталы…. Бұл «Асанқайғылық» емес… Мемлекет дегеніміз Фараби атамның тілімен айтқанда «Сол құрушы елді бақытқа жеткізу үшін құрылады». Олай болмай керісінше сорлатып отырса, ол мемлекетте онтологиялық проблема бар деген сөз…
Теолог-ғалым Досай Кенжетай