Бүгін Нұр-Сұлтан қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Ғұламалар кеңесінің кезекті мəжілісі басталды.
Related Posts
Осымен 22-ші рет өтіп жатқан келелі кездесуге ҚР Ақпарат жəне қоғамдық даму вице-министрі Марат Əзілханов, ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары Наурызбай қажы Тағанұлы, наиб мүфтилер – Бауыржан қажы Əбдірашұлы, Алау қажы Əділбай, ҚМДБ Аппарат басшысы Ғылымбек Жəдігерұлы, сонымен қатар елімізге белгілі теолог-ғалымдар қатысуда.
Мәжілістің күн тəртібінде діни оқу орындарын тəмамдаған шəкірттерді қызметке бөлу туралы Ереже, қоғамдағы кейбір деструктивті ағымдардың идеологиясы, доңыз майы қосылған дəрі-дəрмектерді қолданудың шариғи үкімі, т.б. тақырыптар төңірегіндегі мəселелер талқылануда.
Басқосуда Бас мүфти Серікбай қажы Сатыбалдыұлы шəкірттерді қызметке бөлудің маңыздылығын атап өтсе, вице-министр Марат Əзілханов Ғұламалар кеңесінің əлеуеті жайлы пікірімен бөлісті.
ҚМДБ баспасөз қызметі