Республикалық форумды алдағы қазан айына өткізу жоспарлануда. Бүгінде дайындық жұмыстары басталды.
Елордада осымен үшінші рет өткелі жатқан форумда еліміздегі діни рәсімдерді бірізге түсіруге және дін қызметкерлерінің діни лауазымдарын бекітуге бағытталған бірнеше құжат қабылданбақ.
Айта кетсек, осыған дейін Нұр-Сұлтан қаласында екі рет имамдар форумы өтіп, бүгінгі мұсылманның келбеті, имам этикасы сынды құжаттар қабылданған болатын.