Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Омар мен Әбу Бәкірдің жарысы

0 1  978

Әр момын мұсылман ізгілік жасауға, жақсылық, мейрімділік, қайырымдылық жасауға бейім. Өйткені бұл Пайғамбарымыздан (с.ғ.с) және саңылақ  сахабалардан, ата-бабалардан жеткен, ұрпақ санасына сіңген игі қасиеті. Сол сахабалардың ішіндегі Әбу бәкір (р.а) мен Омар (р.а)  екеуі үнемі жақсылықта жарысуда бір-біріммен бәсекелес болған. Солардың араларындағы бір хикаяға тоқтала кетсем. Күндердің бірін де Омар (р.а) Әбу бәкір (р.а) сыртынан бақылауды қолға алады қас қарайа  бастағанда Әбубәкір (р.а) ауыл сыртына шығып кетеді жақын маңында орналасқан бір лашыққа барып біраз уақыт кідіреді. Кейін қайтып кеткеннен кейін әлгі жерге Омар (р.а) барады. Барса жалғыз басты қарт ана екі кішкене немересімен отыр екен. Кіріп барған Омар (р.а) амандасып жөн сұрасады сөз арасында жаңағы келген адамды танисыздар ма деп сұрайды.

Сол кезде қарт ана танымадық бірақ ол жігіт күнде келіп біздің кірімізді жуып тамақ жасап беріп кедеді деген екен.

Сонда Омар (р.а) жылап жібереді мен Әбу бәкірден жақсылықта озуым мүмкін емес екен ғой деп. Осы жақсылыққа жарысу барысында Құран кәрімде былай дейді

«Фуссилат» сүресінің 34-35-ші аяттарында:

وَبَيْنَهُ بَيْنَكَ الَّذِي فَإِذَا أَحْسَنُ هِيَ بِالَّتِي ادْفَعْ السَّيِّئَةُ وَلَا الْحَسَنَةُ تَسْتَوِي وَلَا

يمٌحَمِوَلِيٌّ كَأَنَّهُ عَدَاوَةٌ

عَظِيمٍ حَظٍّذُو إِلَّا يُلَقَّاهَا وَمَا صَبَرُوا الَّذِينَ إِلَّا يُلَقَّاهَا وَمَا

«Жақсылық пен жамандық тең емес. Жамандықты ең көркем түрде жолға сал жамандыққа  қарсы жақсылық жаса. Сол уақытта сенімен екеуің араңда дұшпан болған біреу, өте жақын достай болып кетеді. Бұл қасиет-сабыр еткендерге ғана нәсіп болады. Сондай-ақ, бұл сипатқа зор несібелерғана ие бола алады».  

Егер қайсы бір адамның қолында байлық қасиет болып жомарттылық жасамай ақыреттік істерді іске асырмасақ сараңдық танытсақ оның жағдайы өте қиын деген.

Әсма бинт Әбу Бәкір әс-Сыддиқ (Алла оған разы болсын ): «Алла елшісі (Оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) маған: Қапшығыңның аузын байлап, дүниеңді тығып ұстама. Әйтпесе, Алла тағала да саған (беретін ризығын) байлап тастайды – деп айтты» – деген.

Әбу Һурайрадан келген риуаятта:
بَادِرُوا بِالْاَعْمَالِ فِتَنًا كَقِطَعِ اللَّيْلِ الْمُظْلِمِ ، يُصْبِحُ الرَّجُلُ مُؤْمِنًا وَ يُمْسِي كَافِرًا، وَ يُمْسِي مُؤْمِنًا وَ يُصْبِحُ كَافِرًا، يَبِيعُ دِينَهُ بِعَرَضٍ مِنَ الدُّنْيَا

«Алла Елшісі (с.а.с) былай деді: «Жақсы амалдарды жасауда асығыңдар, өйткені жуықта қараңғы түндер сияқты адамдарды баурап алатындай көптеген бүліктер ортаға шығады, ол кезде адам мүмин күйінде таң атырып, кәпір күйінде кешті батырады, мүмин күйінде кеш батырып, кәпір күйінде таңды аттырады. Кісі өз дінін аз бір дүние қарсылығында сатады.»  (Муслим, Иман, 186, Тирмизи, Фитән, 30).

Хазіреті Әли (р.а) келген риуаятта: «Алла Елшісі (с.а.с) былай деді: «Садақа беруде асығыңыздар, өйткені, жамандық садақаның алдына өте алмайды». (Һәисәмии, Мәжмәъуз- Зәуәәид, 3/110).

P.S. Біз қазір немен жарысып жүрміз?

Дулат Қадырұлы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.