Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ АНКАРА САПАРЫНЫҢ НӘТИЖЕСІ ТУРАЛЫ МӘЛІМДЕДІ (ФОТО)

0 1  306
Түркия астанасы Анкара қаласында Дін істері басқармасында Наурызбай қажы Тағанұлының төрағалығымен алқалы жиын өтті.

Жиынға Бас мүфти кеңесшісі Балтабай Мекежанов, Шариғат және пәтуа бөлімінің меңгерушісі Сансызбай Құрбанұлы, Насихат және қоғаммен байланыс бөлімінің меңгерушісі Алтынбек Ұтысхан, Баспа және аударма бөлімінің меңгерушісі Мұрат Манапұлы, Қажылық бөлімінің меңгерушісі Жәнділла Бекжігітов, баспасөз хатшысы Ағабек Қонарбайұлы қатысты.

Басқосуда ҚМДБ қызметкерлерінің Түркияға ресми сапары, оның ішінде Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың Түркия дін істері басқармасының төрағасы, профессор Әли Ербашпен кездесуінде сөз болған мәселелер талқыланды. Наурызбай қажы Тағанұлы екіжақты келіссөздердің жоғары деңгейде өткенін айрықша атап өтті. Бұл кездесу бауырлас елдердің байланысына серпін беретінін тілге тиек етті.

Айта кетсек, бүгінде Түркияда ҚМДБ-ның 47 дін қызметкері білімін шыңдауда. Бұл бағыттағы біліктілікті арттыру шарасы жалғасын таба бермек.

Жиын соңында Наурызбай қажы Тағанұлы ҚМДБ қызметкерлеріне бірқатар хаттамалық тапсырмалар берді. Сонымен қатар, түркиялық әріптестерге бірлескен жобалар жайлы ұсыныс беру қажеттігін атап өтті.

ҚМДБ баспасөз қызметі

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.