Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бас мүфти Қордайдағы қайғы жамылған отбасыға көңіл айтты (ФОТО)

0 888

15 ақпан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Жамбыл облысына арнайы келген ҚМДБ Төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Қордай ауданындағы қақтығыста қаза тапқан Дархан Әбдірахымның отбасына барып, ата-анасы мен туған-туыстарына көңіл айтты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Бұл отбасы қақтығыс болған маңнан 10 шақырым жердегі Әлжан ана ауылында тұрады. Дархан Әбдірахым үйінің жалғызы екен. Бас мүфти әкесі Асқарбек Әбдірахымға басу айтып, сабырға шақырды.

«Бұл – Алланың сынағы. «Тас түскен жеріне ауыр» деген. Қайғылы жағдайды естігенде егіліп, тілектес болдық. Қайғыңызға ортақпыз. Адам ұрпағымен мың жасайды. Енді Дарханыңыздың балаларын өсіріп, солардың қызығын көріңіз» деді Наурызбай қажы Тағанұлы.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.