Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наурызбай қажы Тағанұлы Семейде жұма намазын өткізді (ФОТО)

0 1  058

6 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Семейдегі сапары аясында «Қос мұнаралы мешітте» жұма намазын өткізді. Алдымен жиылған жамағатқа «Исламдағы әйелдің мәртебесі» деген тақырыпта уағыз айтты, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Аталған уағызында Бас мүфти әйел кісінің үш мәртебесіне тоқталды. Оның біріншісі қыз мәртебесі, екіншісі әйел мәртебесі және соңғысы Ана мәртебесі деп әйелдің өз орны мен қадірін айшықтап айтты.

«Әбу Һурайра (р.а) жеткізген хадисте Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Кімнің үйінде қыз бар болса, ол үйге күн сайын көктен он екі береке түседі. Ол үйге періштелер тынбай (үздіксіз) келіп тұрады. Әрбір күн, әрбір түн сайын олар (сол қыздың) ата-анасына бір жылдық құлшылықпен тең сауап жазып отырады» – дей келе, қыз өсіріп, оны жақсылап тәрбиелеп, молшылықта жегізіп, киіндірсе, бұл қыз ата анасы үшін берекет болады» деді Бас мүфти бүгінгі уағыз насихатында.

Сөзінің соңын түйіндей келе қыз бала әке-шешесінің жаннаты, тозақ отына қалқан. Міне, ислам бізге оның мәртебесін осылайша баяндайды. Сондықтан үйімізге қыз келсе, ол үшін қуанып, Аллаға мадақ айтуымыз керек деді Наурызбай қажы.

Жұма намазынан соң Бас мүфти жалпы елге, Семей жұртына арнап дұға жасады. Сонымен қатар Семей қаласының бас имамы Асқар Мұқанов ҚМДБ төрағасына жамағат атынан ризашылығын жеткізді. Осылайша Бас мүфтидің екі күнге созылған Семей өңіріндегі сапары аяқталды.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.