Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Наиб мүфти жұма уағызын айтты

0 823

13 наурыз. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Наиб мүфти Ершат Оңғаров «Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінде жұма уағызын айтты, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров құлшылыққа жиналған жамағатқа ҚМДБ-ның жаман ауруға (коронавирус) байланысты сақтық шаралары туралы  мәлімдемесімен таныстырды.

Сақтықта қорлық жоқ екенін ескерткен наиб мүфти мешітке келушілерді ҚМДБ-ның жұма намазы жайындағы арнайы мәлімдемесімен таныстыра отырып, өзгерістердің уақытша екенін, түсіністік таныту керектігін жеткізді.

Ершат Ағыбайұлы елордалық жамағатқа «Тәслімият – Аллаға толық мойынсұну, бағыну» тақырыбында жұма уағзын айтты.

«Тәслімият – Алланы тану мен Алланы сүю жолындағы ең негізгі сипат. Яғни, Алланың әміріне және Алла Елшісінің (Оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын) айтқан істеріне селқос қарамастан, қарсылық білдірместен бағынуды білдіретін сенім» екенін айта келіп, Аллаға толық бойсұнудың екі дүниелік маңызы жайында тұщымды уағыз-насихат айтып, тәслімият жайында өзінің салихалы ойларымен бөлісті.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.