بِسْمِ ٱللّٰهِ ٱلرَّحْمٰنِ ٱلرَّحِيمِ
Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын!
Әуелі барлық мадақ әлемдердің Раббысы Аллаға тән.
Адамзаттың асылы Мұхаммед Пайғамбарға оның отбасы мен барша сахабаларына салауат пен сәлем болғай!
Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уә бәрәкәтуһу!
Құрметті Дін Басшылары, мұсылман бауырлар!
Бүгінде COVID-19 коронавирус жұқпалы дерті жер бетіндегі әлем жұртшылығын алаңдатып отырғаны баршаңызға мәлім. Өкінішке қарай, бұл індеттен әлемде мыңдаған адам көз жұмды. Әлемде осы дерттен қаза тауып, қара жамылған отбасылардың қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамын. Алла алдынан жарылқасын!
Өмірді сынақ мекені деп білген мұсылман баласы басына қиындық түссе, төзімділік танытады, нығметке бөленсе, шүкір етеді. Қиындықты сабырға жеңдірген пенде Алланың мейіріміне бөленеді. Алла Тағала: «Сөзсіз Біз сендерді қорқынышпен, аштықпен және дүние-мүліктеріңді, жандарыңды, сондай-ақ жемістеріңді алу арқылы сынаймыз. Сабыр етушілерді сүйіншіле!» («Бақара» сүресі, 155-аят) деген. Алла Тағала сынаққа сабыр етіп, сауапқа кенелген пенделерінен еткей!
Қадірлі мұсылман жұртшылығы!
Қазіргі таңдағы бұл ауыр індет күллі адамзат баласына қатер төндіруде. Біз (Барлығымыз) Адам ата және Хауа анадан тараған бір үмбетпіз. Қасиетті Құран Кәрімде: «Уа, адам балалары! Бәріңді бір жаннан жаратқан һәм одан жұбын жаратып, ол екеуінен көптеген ерлер мен әйелдер өрбітіп, жер бетіне таратқан Раббыларыңа қарсы келуден сақтаныңдар!» («Ниса» сүресі, 1-аят) деген.
Ардақты Пайғамбарымыз (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Уа, адамдар! Сендердің барлығың Адам атадан, ал Адам топырақтан жаратылды …» деп бірлікке үндеген.
Расында, ешкімнің ұлты, нәсілі, тегі Жаратқанның құзырында бір-бірінен артық емес. Құранда: «Уа, адамзат баласы! Біз сендерді бір Ата, бір Анадан жараттық. Сондай-ақ бір-бірлеріңді тануларың үшін сендерді әртүрлі ұлт-ұлысқа, ру-тайпаға бөлдік. Расында, Алланың алдында ең ардақтыларың – тақуаларың» («Хұжұрат» сүресі, 13-аят) делінген.
Әлемде етек алған індеттің алдын алуда адамзат Ұлы Жаратушының мейіріміне мұқтаж екендігін айқын сезінуде. Сол үшін әрбір ұлт өкілі, барша адам баласы жұдырықтай жұмылып, шын жүректен Жаратқанға жалбарынып, адамзаттың амандығын сұрайтын сындарлы сәтте тұрмыз. Алланың ардақты Елшісі (оған Алланың салауаты мен сәлемі болсын): «Дұға – мұсылманның қорғаны», – дегені баршаңызға мәлім.
Осы ретте Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы ислам әлемінің ғұламаларын, күллі дін қайраткерлерін, дін саласының оқытушы-ұстаздары мен Құран қариларын және барша мұсылман қауымын 10 сәуір жұма күні намаз уақытында «Біз – біргеміз, тілегіміз – ортақ» деген игі бастама аясында күллі адамзаттың амандығы үшін бір мезетте алақан жайып, дұға жасауға үндейді.
Аса мейірімді Алла Тағала күллі адамзат баласына амандық-саулық беріп, ауру-сырқаудан айығып, қуанышты күндерге тезірек жетуін нәсіп еткей. Әмин!
Ізгі тілекпен,
Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы,
Бас мүфти
НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ
Нұр-Сұлтан қаласы, 7 сәуір, 2020 жыл
ОБРАЩЕНИЕ
Духовного управления мусульман Казахстана
мусульманскому миру
بِسْمِ ٱللّٰهِ ٱلرَّحْمٰنِ ٱلرَّحِيمِ
С Именем Аллаха Милостивого и Милосердного.
Вся Хвала Всевышнему Аллаху!
Мир и Благословение Всевышнего Пророку Мухаммеду, его семье и сахабам!
Ассаламу алайкум уа рахматуллаһи уа баракатуһу!
Уважаемые Религиозные руководители, братья мусульмане!
На сегодняшний день пандемия коронавируса COVID-19 распространилась по всему миру. К сожалению, в мире от этого вируса погибло несколько тысяч людей. Выражаю свое соболезнование семьям и близким погибших.
Жизнь иногда состоит из испытаний, поэтому, наивысшим благом для мусульман является умение преодолевать жизненные трудности. Со смирением принимая все тяготы, человек обретает Милость Всевышнего. Всевышний Аллах в Священном Коране повелевает: «Мы непременно испытаем вас незначительным страхом, голодом, потерей имущества, людей и плодов. Обрадуй же терпеливых!» (Сура аль-Бакара, 155-аят). Пусть Всевышний окажет Свою милость и даст терпение для преодоления этих трудностей.
Почтенные мусульмане!
Молниеносная пандемия угрожает всему человечеству. Мы (Все) являемся потомками Адама и Хаввы. В Священном Коране говорится: «О люди! Бойтесь вашего Господа, Который сотворил вас из одного человека, сотворил из него пару ему и расселил много мужчин и женщин, произошедших от них обоих» ( Сура «аль-Ниса», 1-аят).
Наш Достопочтенный Пророк (да благословит Его Аллах и приветствует) призывая к единству говорил: «О, люди! Вы все произошли от Адама, а Адам был сотворен из глины».
Действительно, перед лицом Всевышнего никто не превосходит никого и не отличается друг от друга. В Коране говорится «О люди! Воистину, Мы создали вас из мужчины и женщины и сделали вас народами и племенами, чтобы вы узнавали друг друга, и самый почитаемый перед Аллахом среди вас – наиболее богобоязненный. Воистину, Аллах – Знающий, Ведающий» ( Сура «аль-Худжурат», 13-аят).
Для предотвращения этой болезни в мире, мы все осознаем, что мы нуждаемся в Милости Всевышнего. Поэтому, пусть каждый человек, представители разных национальностей объединят усилия и будут в молитве просить Творца о помощи и милости. Достопочтенный Посланник Всевышнего (да благословит Его Аллах и приветствует) говорил, что «Молитва – это щит мусульманина».
В этой связи, Духовное управление мусульман Казахстана, призывает всех религиозных деятелей исламского мира, преподавателей медресе, всех Чтецов Корана, всю мусульманскую умму в пятницу, 10 апреля, во время намаза одновременно помолиться за всех людей под эгидой «Мы – вместе, у нас общая цель для молитвы».
Пусть Милостивый Всевышний окажет Свое благо и милость всем, подарит надежду и выздоровление заболевшим. Аминь!
С искренним пожеланием,
Председатель Духовного Управления мусульман Казахстана,
Верховный Муфтий,
НАУРЫЗБАЙ КАЖЫ ТАГАНУЛЫ
город Нур-Султан, 7 апреля, 2020 год.
THE APPEAL
The Spiritual Administration of Muslims of Kazakhstan
to the Muslim world
بِسْمِ ٱللّٰهِ ٱلرَّحْمٰنِ ٱلرَّحِيمِ
In the name of Allah, Most Gracious, Most Merciful!
First of all, praise be to Allah, the Lord of the worlds.
Peace and blessings be upon the Prophet Muhammad, his family and all his Companions.
Assalamu alaykum wa rahmatullahi wa barakatuhu!
Dear Religious Leaders, Muslim Brothers!
As you all know, COVID-19 is a major cause of coronavirus infection in the world nowadays. Unfortunately, the epidemic has killed thousands of people around the world. We express our condolences to the families of those who died of this disease in the world. God bless you all!
A Muslim, who sees this life as a place of trial, is patient when he is in trouble, and is grateful when he is blessed. He who overcomes difficulties will be blessed by God. Allah says (interpretation of the meaning): “We will certainly test you with some fear and hunger, and some loss of possessions and lives and crops. But give good news to the steadfast!” (Surat al-Baqara, 155) May Allah, Almighty be patient with the trials and reward the servants!
Dear Muslim community!
Today, this plague is a threat to all mankind. We (all) are one ummah descended from Adam and Eve. The Holy Qur’an says: “O, mankind! Beware of disobedience to your Lord, Who created you from a single soul, and from it created its mate, and from them He multiplied many men and women, and He distributed them on the earth.” (Surat an-Nisa, 1).
The Prophet (peace and blessings of Allah be upon him) said: “O people! All of you were created from Adam, and Adam was created from dust …” and called for unity
Truly, no one is superior in race, nation or origin before Allah. The Qur’an says, “O mankind! We created you from one Father and one Mother. We have also divided you into different nations and tribes so that you may know each other. Indeed, the most honored of you in the sight of Allah is the pious.” (Surat al-Hujurat, 13).
Mankind clearly feels the need for the mercy of the Almighty Creator to prevent the spread of the plague. That is why we are in a constructive moment, when every nation, every human being is united, praying to God with all his heart and asking for the well-being of mankind. You all know that the Messenger of Allah (peace and blessings of Allah be upon him) said: “Prayer is the fortress of the Muslim”.
At the same time, the Spiritual Administration of Muslims of Kazakhstan calls all the scholars of the Islamic world, all religious figures, teachers and reciters of the Quran and the whole Muslim community during the Friday prayer on April 10 to pray with the words “We are all united, we pray together!” and seek Allah`s help and guidance!
May the Most Merciful Almighty grant all human beings well-being, recovery from illness and quicker days of happiness! Amen!
Best wishes,
The Chairman of the Spiritual Administration of
Muslims of Kazakhstan, Supreme Mufti
NAURYZBAY KAZHY TAGANULY
Nur-Sultan, April 7, 2020.