Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Премьер-Министр Рамазан айының басталуымен құттықтады

0 1  209

25 cәуір. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Премьер-министр Асқар Мамин Қазақстан мұсылмандарын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтады. Бұл туралы Премьер-министрдің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

«Қазақстанның мұсылмандар қауымын қасиетті Рамазан айының басталуымен құттықтаймын. Бұл – адамның кіршіксіз таза ниеті мен ізгілікті істері үшін Жаратушының шексіз рақымына бөленетін, ал Ораза ұстап, ауыз бекіту сенімі мен рухын нығайтып, сабыры мен ерік-жігерін дамытатын рухани кемелдену кезеңі.

Рамазан мұсылмандарды ғана емес, біздің еліміздегі өзге дін өкілдерін де біріктіретін мейірім мен қайырымдылық, жомарттық сияқты шынайы адамгершілік қасиеттерді толық тануға жол ашады. Барлық қазақстандықтарға мықты денсаулық, қажымас жігер мен жақсылыққа деген сенім, бейбітшілік пен амандық тілеймін» деді Асқар Мамин.

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.