Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Оразаны бұзбайтын жағдайлар

0 921

Қандай жағдайлар оразаны бұзбайды?!

Рамазан айын көркем түрде өткізу үшін оразаның өзіндік шарттары, міндеттемелері, әдептерін білу аса маңызды. Оразаны бұзбайтын жағдайлар хақында шариғат кітаптарына төмендегідей баяндалады:

1.Ұмытып ішіп-жеу оразаны бұзбайды. Бірақ ұмытқан адам есіне түскен кезде жеуді дереу тоқтатуы керек;

2.Ұйқыдан жүніп болып ояну;

3.Әйелін сүю немесе денесіне қолын тигізуі. Мұндай жағдайларда егер мәни шықпаса, ораза бұзылмайды;

4.Әйеліне қолын тигізбесе де оған қарағанда шәһуәты қозып, бірақ мәни шықпаса;

5.Түнде жүніп болып, ғұсыл алуды сәресі уақытынан кейінге қалдыру;

6.Аузына келген қақырықты жұту;

7.Түкірік немесе мұрынды тарту арқылы бір нәрсенің тамаққа кетуі;

8.Құлаққа су кіру, бұлық ағу;

9.Темекі түтіні немесе топырақ, шаң, ұнның тозаңы, қардың ұшқыны, жауынның тамшылары тамаққа еріксіз кірсе, ораза бұзылмайды;

10.Тістердің арасында қалған тамақ қалдықтары ноқаттан кішкене болса, оны жұту оразаны бұзбайды;

11.Еріксіз ауыз толы құсу немесе оның ішке қайта кетуі оразаны бұзбайды;

12.Қан алдыру немесе сүлік салдыру;

13.Көзге дәрі тамызу;

14.Мисуак немесе тіс пастасын қолдану оразаны бұзбайды. Бірақ пастасы ішке кетіп қалса, бұзылады. Ең абзалы таң намазы кірмей тұрып тістерді жуу;

15.Тіс жұлдыру оразаға кедергі жасамайды. Бірақ жұлдырған уақытта ауыздағы қанды, яки, дәріні жұтпау шарт;

16.Ауыз бен мұрынға су алып шайқау оразаны бұзбайды. Бірақ тамаққа кетпеуін қадағалау қажет;

17.Душқа жуыну, теңізге, көлге түсу оразаны бұзбайды. Бірақ су жұтып қоюдан сақтануы керек.

 «Ислам ғылымхалы» кітабынан

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.