Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бәрі өз қолымызда ма?

0 865

Ертеде даналығы ел аузына тараған бір абыз өмір сүріпті. Кім қандай мәселемен келсе де ақыл-кеңесін айтып, сұрақтарына жауап береді екен. 

Білімі мен көрегенділігіне қанық шәкірттерінің бірі өзінше ұстазын сынамақ болады. Сөйтіп бір күні уысына көбелек ұстаған күйі данагөй қарияның алдына келеді. «Ұстаз, менің қолымдағы көбелек өлі ме, тірі ме» – деп сұрайды. Сонда шәкіртінің пиғылын сезген қария күлімсіреп: «Бәрі өз қолыңда», – деп жауап қайырыпты.

Бұл аңыз-әңгіменің негізгі айтар ойы да, өзегі де осы – «бәрі өз қолыңда» деген үш ауыз сөзде. Ал өмірде расымен бәрі өз қолымызда ма?

Кейде біз күтпеген құбылыстар, оқиғалар, тіпті болмашы жайттар бар жоспарымызды бұзуы, тіпті өміріміздің астан-кестеңін шығаруы мүмкін.

Алысқа бармай-ақ, дәл қазір әлемде, елімізде боп жатқан жағдай бұған көзімізді әбден жеткізді. Дауасыз дерт жас демеді, кәрі демеді, аяқталмаған ісі, айтылмаған сөзі бар еді демеді, қанша жанды күтпеген жерден алды да кетті. Көзге көрінбейтін бір вирустан бүкіл әлем тіртіреп, есінен танып жатыр. Сонда не нәрсе біздің қолымызда?

Болғанды өзгерте алмаймыз, өлгенді тірілте алмаймыз, кейде тіпті асау сезімдеріміздің тізгінін де тұсаулай алмай жатамыз. Сонда не нәрсе біздің қолымызда?

Біздің қолымыздағы бар күш-құдірет – көзқарасымызды өзгерту. Иә, өткеніміз, дәл қазіргі жағдайымыз, құмбыл болашағымыз, бәрі де жанымызға жара, ойымызға салмақ болар жайттарға толы. Сарыуайымға салынып, үмітсіз күйге түсіп, ашудың ноқтасын тағып, ыза мен өкпенің уытына бойымызды алдыртқаннан біздің мәселеміз шешілмейді.

Көзқарас өзгеруі керек. Сонда ғана шешімнің ауылы жақындай түседі. Көзқарас…

Индира Жұмабекқызы

Журналист

Ummet.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.