Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Мұсылман әйелдің заманауи сән үлгісі көрсетілді (ФОТО+ВИДЕО)

0 1  442

20 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Нұр-Сұлтан қаласы өкілдігі әйел-қыздар секторының ұйымдастыруымен «Мұсылман әйелдің дәстүрлі және заманауи сән үлгісі» атты көрсетілім болып өтті, деп хабарлайды елорда өкілдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.

Айтулы шарада Сара Тоқтамысова, Қарлығаш Советхан, Нурия Қабдуллақызы сынды отандық киім дизайнерлерінің топтамалары көрсетілді. Аталмыш көрсетілім киім үлгісінің шариғат талаптарына сай болуы,    әйел киімдерінің салт-дәстүрімізбен сабақтасуы, заманға сай, ыңғайлы және қазақи нақышта болуы сынды талаптар негізінде жүзеге асты.

Қазылар алқасы киім үлгілеріне өзіндік бағасын беріп, туынды авторларына ризашылықтарын білдірді. Шара соңында қатысушылар естелікке фотоға түсті.

 

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.