22 қазан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – XII ғасырда жарық көрген Құранның сирек қолжазбасы сақтаулы, деп хабарлайды sunna.kz тілшісі.
Шығыстанушы ғалым Әшірбек Мүминовтың айтуы бойынша, бұл Құран ХІІ ғасырда Пәкістанда жазылған. 1935 жылы Қожа Ахмад Ясауи кесенесінен сыйға берілген. Италияндық ғалым Доктор Джинтаның айтуынша, әлемде Құранның осы тектес екі-ақ нұсқасы сақталған. Оның бірі Буст көшірмесі Құран, ал екіншісі осы кітап.Алайда, тарихи орталыққа кім, қай кезде әкелінгені туралы ақпарат жоқ.
Аталмыш Құран нұсқасы қазіргі таңда Алматыдағы ҚР Ұлттық кітапханасының қорында сақталғаулы.