Отандық және шетелдік тарихнамада 1929 жыл ішкі саясаттағы сталиндік «түбегейлі бетбұрыс», ЖЭС-тің (жаңа экономикалық саясат) түпкілікті құлдырауы және аграрлық сектордағы «жоғарыдан» түскен революцияның жылы деп саналады.
ЖЭС кезеңінде Қазақстанның ауыл шаруашылығы өрлеуді бастан өткерді. Мысалы, 1928 жылғы астықтың жалпы түсімі 1920 жылмен салыстырғанда 50 есе жоғары болды. Алайда шаруалар бұдан ештеңе ұтқан жоқ. Мемлекеттік сатып алу бағалары нарықтық бағадан үш есе төмен болғандықтан, олар барлық жерде егіс алқаптарын азайта бастады, елде астық дайындау дағдарысы басталды. Шаруалардан астық қорлары, соның ішінде тұқым қорлары да тартып алынды.
Қазақстанда астықты тапсыру бойынша міндеттемелер мал шаруашылығымен айналысқан аудандарға да жүктелді. Мұны орындау үшін олар бағып отырған малын нанға ауыстыруға мәжбүр болды. Елде ет пен жүнді дайындау науқаны жалғаса берді, бұл өз кезегінде малды жаппай союға әкелді.
1930 жылдардағы қайғылы оқиғаларға алып келген келесі актілер бай шаруашылықтарды тәркілеу туралы заңның қабылдануы және ұжымдастыру науқаны болды. 1929 жылдың 17 желтоқсанынан бастап Қазақстанның партиялық органының директивасына сәйкес ірі мал шаруашылығы колхоздарын ұйымдастыруға баса назар аударылды. Шын мәнінде, мал әкімшілік әдістермен ортақтастырылды. Үлкен аумақтардан басқа жерлерге айдалып әкетіліп, ол жерлерде мал азықтың жоқтығынан өлді. Қазақстанда ұжымдастыру 1932 жылға қарай аяқталуы тиіс еді, алайда жергілікті билік бұл үрдісті қазақтарды күштеп отырықшыға айналдырып, оны тездетіп жүргізуге тырысты. Шаруа секторының егістік алқаптарын ортақтастыру деңгейі бойынша Қазақстан КСРО-да бірінші орынға шықты (97,8 %).
Жоғарыда аталғандарды ескермегенде, ҚазКСР Халық комиссарлар кеңесінің төрағасы О.Исаев пен республиканың Қаржы халық комиссары М.Орымбаевтың КСРО Халық комиссарлар кеңесіне жолдаған баяндау хатында былай дейді: «Недород 1931 года захватил подавляющую часть районов Казахстана, в частности почти все районы Северного и Западного Казахстана. Особо неблагоприятные последствия недорода 1931 года в ряде районов имели место в связи с тем, что в этих районах недороду 1931 года предшествовали недороды предыдущих лет. В отдельных районах Казахстана урожай был настолько низок, что не оправдал семенных затрат…».
1930 жылдардың басында Қазақстан ұлы нәубетті басынан өткерді, оның көптеген адамның өмірін қиған ең шарықтау кезеңі 1933 жыл болды. 1930-1933 жылдары республикадағы халықтың жалпы саны 2,4 есеге қысқарды. 1931 жылдың көктемінде жергілікті жерлердегі уәкілдер ашаршылық туралы мәліметтерді Алматыға жібере бастады, алайда билік оларды елемей, әкімшілік қысымды күшейте түсті. Партиялық-кеңестік аппарат үшін мұндай тіміскілік әрекеттер экономикалық саясаттың сәтсіздіктерін, қарапайым халықтың қайғы-қасіреті мен ашаршылықты түсіндіруге тиімді болды.
Қазақстан Президентінің Архивінде тек өздерінің лауазымдық және қоғамдық жағдайымен ерекшеленетін екі жақын туыстың екі құжаты – мемуарлары мен хаты сақталды. Онда авторлар «ауыл шаруашылығын социалистік қайта құру» туралы бір-біріне мүлдем қарама-қайшы көзқарастарды білдіреді. Қазақстанның партия көшбасшысының көмекшісі М.С.Ряднин, қалыптасқан жағдай үшін партия қатарына кірген жауларды айыптап, мынандай пікірін білдіреді: «Подготовку к проведению конфискации байских хозяйств предполагалось держать в секрете до издания закона. Однако то один, то другой из оставшихся неразоблаченных националистов, продолжавших работать в партийных и советских органах, сообщал своим родственникам-баям о предстоящей конфискации…Все это привело к массовой распродаже скота, к угону его в глухие и скрытые места, к откочевкам за пределы республик. И голодающие попадались повсюду…». Шаруа Т.Ряднин, бәлкім, жоғарыда аталған шенеуніктің ағасы болса керек, ауылдағы жағдайды былай сипаттайды: «Первое, неужели вы, сидящие там сверху, допускаете до того, чтобы вашими уполномоченными применялись колчаковские методы репрессивных мер по отношению крестьянства, неужели вы посылаете их затем, чтобы они избивали нас лишь за то, что мы не имеем хлеба, которого нет совершенно ничего не можем дать. Народ забит, запуган, наэлектризован».
Архивтік құжаттар 1930 жылдардағы партия-кеңес басшылығының өкілдері орын алған трагедияның сипаты мен ауқымын толық ұғынғанын айғақтайды. А.И. Миронова-Кароль, Қазақстан бойынша Бірлескен мемлекеттік саяси басқарма (ОГПУ) уәкілі орынбасарының жұбайы, 1931 жылы Қарағандыда орын алған балалардың мәйітін жеу туралы оқиғаларды сипаттай келе, жұбайының әріптестері республикадағы ашаршылық туралы хабардар болғанын, «олардың азық-түлікке толы, барқытпен қапталған вагондарда құрып кету қаупі төнген ауылдар арасында жүргенін, сонымен қатар біз мұздатылған шошқа етін, тауықтарды, қой етін, ірімшіктерді, жалпы алуға болатын заттың бәрін алып жүрдік» деп жеткізеді. Дәл осы уақытта оның жұбайы С. Миронов жоғары тұрған органдарға мынандай ақпараттарды жолдаған еді: «В ходе хлебозаготовок широко применяются методы голого администрирования. Уполномоченный партии в ауле №1 (Павлодарского р-на) провел повальные обыски у семей, высланных за пределы района баев. Изъял у них весь продовольственный хлеб, вследствие чего на почве голода отмечено 40 случаев смертности, в большинстве детей, остальные для питания употребляют в пищу кошек, собак и другую падаль. Аналогичные случаи имеются и в других аулах района».
Партия шенеуніктері жоғарыдан жіберілген директиваларға сәйкес әрекет ете отырып, өздері түсінбестен, ауылшаруашылық өндірісіне бұрын-соңды болмаған соққы берді. Экономикалық дағдарыс күшейе түсті. Соның салдарынан Қазақстанның барлық аудандарын түгелдей дүр сілкіндірген бұрын-соңды болмаған ашаршылық пен демографиялық апат орын алды.
1980 жылдардың ортасына дейін кеңес ғылымында бұл тақырыпты зерттеуге тыйым салынды. Бұл осы нәубеттің осы кезге дейін құпия сақталуымен байланысты еді. 1991 жылы архившілер жариялаған «Голод в казахской степи» жинағы осы мәселе бойынша алғашқы құжаттық басылымдардың бірі болды. Осыдан кейін 1998 жылы 1920 жылдардың аяғы мен 1930 жылдардың басындағы халықтың жаппай қырылуы мен ауыл шаруашылығын ұжымдастырудың мән-жайларын зерттеген Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесі Президиумы комиссиясының шешімімен Қазақстан Президенті Архиві мен ҚР ОМА құжаттары негізінде «Насильственная коллективизация и голод в Казахстане 1931–1933 гг.» атты құжаттар мен материалдар жинағы шығарылды. 2011-2013 жылдары Президент Архиві «Голод в СССР. 1929–1934 гг.» (Мәскеу) халықаралық жобасына қатысты. Деректі серияда трагедияның себептері мен бастапқы кезеңін, ашаршылықтың шарықтау кезеңін, демографиялық салдарларын және КСРО-да болып жатқан оқиғаларға халықаралық реакцияны сипаттайтын құжаттар жарияланды. Сонымен қатар 2012 жылы Президент Архивінің құрастырушы ұжымы Қазақстан халқы Ассамблеясымен бірлесіп «Из истории депортаций. Казахстан. 1930–1935 гг.» құжаттар жинағы жарыққа шығарды. Бұл басылымға «ҚазАКСР-де кулактарды бай ретінде жою» саясатын жүргізу аспектілерін баяндайтын құжаттар енгізілді. Соңғы және тақырыпты толық ашатын басылымдардың бірі, Мәдениет және ақпарат министрлігінің, Мәдениет және спорт министрлігінің «Әдебиеттің әлеуметтік маңызды түрлерін басып шығару» бағдарламасы бойынша 2013, 2018 жылдары шығарылған «Трагедия казахского аула. 1928–1934 гг.» құжаттар жинағының екі кітабы болып табылады. Бұл жинақтардың құжаттары 1930 жылдардың басындағы гуманитарлық апатты сипаттайды және соның нәтижесінде қазақ этносының 40%-дан астамын жоғалтқанын айғақтайды.
Евгения Чиликова,
Қазақстан Республикасы Президенті Архивінің бас сарапшысы
egemen.kz