Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Жүректі өлтіретін он нәрсе

0 992

Бірде һижри екінші ғасырдың көрнекті тұлғасы, сопы Ибраһим ибн Адһам (рохматуллаи ғаләйһи) Басра базарынан өтіп бара жатады.

Оны көрген адамдар жанына топырлап қалады. Кейін жиналған жұрт Ибраһим ибн Адһамға (рохматуллаи ғаләйһи): «Уа, Исхақтың әкесі! Неге біз қанша дұға етсек те дұғамыз қабыл болмайды?», – дейді.

Ибраһим ибн Адһам (рохматуллаи ғаләйһи): «Өйткені сендердің жүректерің он нәрсенің себебінен өліп қалған» ,- деп жауап береді.

– Ол не нәрсе?

Сондағы Ибраһим ибн Адһамның (рохматуллаи ғаләйһи) айтқаны:

– Сендер Хақ Тағаланың бар екенін біле тұрып Оған қатысты міндеттеріңді орындамайсыңдар. Нәбиді (солләл-лаһу ғаләйһи уә салләм) жақсы көреміз деп оның сүннетін ұстанбайсыңдар. Құран оқисыңдар, бірақ онда айтылғанға сай амал етпейсіңдер. Алла Тағаланың нығметін пайдаланып, оның шүкіршілігін өтемейсіңдер. Шайтанды қас дұшпанымыз деп оған ересіңдер. Жәннат хақ деп оған жеткізетін іс істемейсіңдер. Тозақ хақ деп одан сақтанбайсыңдар. Өлім хақ деп оған әзірлік етпейсіңдер. Ұйқыларыңды тым бағалайсыңдар. Өз айыптарыңды ұмытып, өзгелердің кемшілігімен бас әлексіңдер. Мәйіттеріңді жерлеп, содан ғибрат алмайсыңдар.

Абдуссамат МАХАТ

«Астана» медресе-колледжінің ұстазы

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.