1 желтоқсан. Нұр-Сұлтан. Sunna.kz – Нигерияның солтүстігінде орналасқан Кано штатының ислам полициясы «БАҚ пен сауда-саттық орындары «қара жұма» терминін қолданбасын» деп ескерту жариялады, деп хабарлайды ummet.kz сайтына сілтеме жасаған sunna.kz тілшісі.
Бұл жайлы ақпаратты BBC хабарлаған.
Құқық қорғау орындарының айтуынша «қара жұма» термині мұсылмандарды жәбірлегенмен тең. Өйткені, жұма – мұсылмандар үшін қасиетті күн.
Құқық қорғау орындарының айтуынша «қара жұма» термині мұсылмандарды жәбірлегенмен тең. Өйткені, жұма – мұсылмандар үшін қасиетті күн.
Cool FM радиостанциясына жіберілген хаттардың бірінде: «Назар аударыңыздар, полиция қандай да болсын азғырушы әрекеттер мен тәртіпбұзушылыққа жол бермес үшін және елдегі тұрақтылық пен бейбітшілікті сақтау үшін үнемі жаныңызда қадағалап жүреді», – делінген.
Дегенмен, BBC бұл ескерту бұзылған жағдайда қандай жаза қолданылатыны белгісіз екендігін атап өтті.