Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Сыйлай білсен кәріні

0 1  574

Атам қазақтан келе жатқан мақалдарымыздың бірінде «Сыйлай білсен қәріні, Жарылқайды бәріңді» дейді.

Мақалдың мағынасы да, құндылығы да қазыналы қарттардың біздің өміріміздегі айырықша орынына байланысты. Адамзаттың ұстазы ардақты Алла Елшісі (с.ғ.с.) өзінің мүбәрак мәтінді хадистерінің бірінде : «Егер араларыңда еңкейген қарттар болмағанда, (істеген күнәларыңның кесірінен) бастарыңа толассыз бәле жауар еді»[1], деп бұл істің аса маңызды екеніне ескерту жасайды.

Расында да, «Жаңбырмен жер көгерер, Батамен ел көгерер» дегендей үлкендердің ризашылығы, бата-тілегі арқылы өсіп-өніп, түрлі жақсылықтарға қауышып жатамыз.

Үлкен кісі бар үйде береке бар. Ғұмырлық тәжірибесімен, жиған-тергенімен басқаларға ғибратты сөзін, ақыл-кеңесін жеткізетін, ұрпағын имандылық пен ибалыққа баулитын ата мен әжелер бар жерде құт-береке де бары шынайы шындық.

«Қарғыс алма, алғыс ал. Қарғыс алған қан құсар» дейді халқымыз. Шынында да, үлкендердің ықыласынсыз биік мәртебе, жоғары дәреже бұйыруы екіталай дүние.

Кешегі өткен көнекөздеріміз «Атаңа не қылсаң, Алдыңа сол келер» деп жас буынның құлағына құйып отырар еді. Әр бір  іс жастарға бағдаршам, болақашқа салған дара жол болға бабаларымыз бұл сөзді бекер айтпапты. Дін ислам да осыған бұйрған екен ғой. Екі дүние сәруәрі хазіреті Мұхаммедтің  (с.ғ.с.): «Кімде-кім өзінің тозақтан алыстатылып, жұмаққа кіргізілуін қаласа, Аллаға және ақирет күніне кәміл сенген күйде жан тапсырсын, сондай-ақ өзімен қалай қарым-қатынас жасалуын қаласа, өзі де өзге ел-жұртпен солай қарым-қатынас жасасын»[2], – деген хадисінің мазмұнынан шықса керек. Демек, баламыз опалы болсын десек, алдымыздан кесе өтпесін десек, онда ата-анамызға, үлкендерімізге де опалы болып, сый-құрмет көрсетуіміз керек екен.

Адамдардың қарттарын қадірлеуі уахимен бекітіп Әз Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) «Жебірейіл періште маған үлкендерді алға шығар деп бұйырды» деп үлкен қарттарды құрметтеуге және өзі әр бір ісінде адамдарға сусын не тамақ таратқанда жасамыстардан бастауды бұйырып: «Үлкендерден бастаңдар» дейді. Міне, екі хадисте де жасамысқа жақсылық жасаған жастың қартайғанда қарымтасыз қалмайтындығы нақтыланған.

Сөз басында айтылғандай үлкендеріміз жастарға әрбір ісіне сәттілік, жаманшылығына жарылқау тілеп дұға жасаса, әлбетте, Алла қабыл етеді.

Сондықтан да, асыл дініміз бен салиқалы салтымыздың бір талабы қарттарды сыйлай білу.

Рахматулла Байменов

«Сәдуақас қажы Ғылмани» мешітінің наиб имамы

[1] Бәйхақи, Сүннәтуль кубра,3-345. Мунәуи, Фәйзуль қадир, 5-432

[2] Муслим, имара 3431

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.