Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Бір жылдан кейін келсе

0 1  312

Жан-жануармен тілдескен Сүлеймен пайғамбар құмырсқаның белінің сонша жіңішкелігінің себебін сұрайды. Құмырсқа:

– Бұл менің қанағатшылдығымның, үнемшілдігімнің белгісі, – деген екен.

– Оны немен дәлелдейсің дегенде:

–Бидайдың бір дәнін бір жыл азық етемін, – депті. Оны сынамақ болып Сүлеймен Пайғамбар әлгі құмырсқаны бір жыл бір шишаға бір дәнмен қамап қойыпты.

Бір жылдан кейін келсе, құмырсқа дәннің жартысын ғана жепті.

– Мұның қалай? деп сұрапты. Сонда құмырсқа:

– Мені ұмытып кетсеңіз, тағы бір жылға жететін үнемшілдік жасағаным ғой, – деп жауап беріпті.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.