Сәдуақас қажы Ғылмани мешітінің ресми сайты

Насихат: Піл мен маймыл

0 544

Пілдің бар жақсы көретұғын жемісін піл жүретұғын жерге шашып шұбатып соқпаққа шашып, оны тереңдеп барып тұйық жар қылып қойса, піл жемісті терс-терс тұйыққа қамалады. Сонда артын бекітіп қойып біреу ұрған болып, біреу арашалап алып әлгі жемісті беріп, үйір қылып алып көп жүк артып һәм ойнатып жетелеп жүреді.

Маймыл адам не қылса, соны қылуға құмар. Оны біліп тұрушылар маймылға көрсетіп торға орап, шырмап тұрып торды тастан кетсе маймыл да келіп, оралып жатқанда келіп, ұстап алып үйретіп неше түрлі ойын қылғызады. Қалаға барғаныңыз екеуін де ойнатып жүргенін көрген де шығарсыз. Енді бүл екеуі бірі нәпсісі үшін, тамақ үшін күл болды. Бірі не көрсе соған құмар боламын деп құл болды. Шайтан да бізді сөйтіп алдап дәндетіп үйір қылады. Күні бұрын сонан сақтану керек. Піл көтінен кейін шегінуді білмегеннен ұсталды. Біз шегіне білеміз ғой. Шегініп қаралық. Маймыл құмарлығын қоя алмады, ұсталды. Бізде сабыр бар ғой, Аллаға сыйынып алдатпай ғадет (әдет) қылған күнәні қалдырып көрелік.

sunna.kz

Пікір жазу

Поштаңыз сыртқа жарияланбайды.