Үндістан коронавирусқа қарсы алғашқы ДНҚ екпесін мақұлдады, – деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Reuters сілтеме жасап.
Препарат Zydus Cadila (ZyCoV-D) деп аталады. Екпені Cadila Healthcare өндірушісі Биотехнология департаментімен серіктестікте жасаған, Bharat Biotech-тен шыққан Covaxin-нен кейін Үндістанда жедел пайдалануға рұқсат алған екінші жергілікті екпе. Екпені ересектер мен 12 жастан асқан балаларға қолдануға рұқсат. Бүкіл ел бойынша 28 мыңнан аса адам өз еркімен салдырған, ол 66,6 пайыз тиімділігін көрсетті.
Zycov-d екпесі вирустың генетикалық материалының бір бөлігін пайдаланатыны айтылады. Ол иммундық жүйе танитын және оған жауап беретін белгілі бір ақуызды құру үшін ДНҚ түрінде “нұсқаулар” береді. Бір немесе екі дозаны қажет ететін COVID-19 екпелерінің көпшілігіне қарағанда, ZyCoV-D үш дозада салынады.
Өндіруші – Cadila Healthcare, ол жыл сайын 100-ден 120 миллион zycov-d дозасын шығаруды жоспарлап отыр.
Бұған дейін Испания коронавирусқа қарсы алғашқы екпесін сынақтан өткізе бастаған еді. Препарат PHH-1V деп аталды.
Tengrinews.kz
Материалды көшіріп басқан кезде sunna.kz сайтына гиперсілтеме берілуі міндетті. Авторлық құқықты сақтаңыз!